Жаңалықтар тізбегі
0

Елена Рыбакина II дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды

Уимблдон, Елена Рыбакина, ҚР премьер-министрі, ІІ дәрежелі "Достық" ордені, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.07.2022 14:10 Сурет: primeminister.kz
ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Уимблдон турнирінің жеңімпазы Елена Рыбакинамен кездесіп, оған президенттің Жарлығымен спорттағы аса үздік жетістіктері және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін берілген II дәрежелі «Достық» орденін табыс етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Барлық қазақстандық сіздің әлемнің ең атақты теннисшілерімен сайыстарыңызды бақылап отырды. Үлкен дулыға турнирінде жеңіске жетіп, сіз отандастарымыздың үмітін ақтадыңыз, сондай-ақ Қазақстанда теннисті дәріптеуге баға жетпес үлес қостыңыз. Сіздің жеңісіңіз жас спортшыларды ынталандыра түседі деп сенемін. ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов

ҚР премьер-министрі, Уимблдон, , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.07.2022 14:10

Сурет: primeminister.kz

Үкіметтің ресми сайтының жазуынша, Елена Рыбакина жоғары марапат үшін алғысын білдіріп, қазақстандықтардың қолдауын сезініп жүретінін айтты.

Әрине, мен отандастарымыздың қолдауын ұдайы сезінемін. Бұл мен үшін үлкен қуаныш пен жауапкершілік. Кеше Қазақстанға ұшып келгенде мені қарсы алған адамдардың көп болғанын көрдім. Бұл жағдайдың менің басымнан өтіп жатқанына әлі де сене алар емеспін.Елена Рыбакина

Қазақстандық теннисші жүлде қаражатының бір бөлігін елімізде қайырымдылыққа және юниорларды қолдауға жұмсайтынын айтты.

Менің ойымша, турнир ұйымдастырған немесе жас ойыншыларға грант тағайындаған дұрыс болады. Себебі мен мұнда зор қолдауға ие болдым. Енді жас буынның дамуына мен көмектесуім керек, – деді Елена Рыбакина.

Спортшы бірнеше күннен кейін АҚШ-та өтетін турнирлерге дайындала бастайтынын айтты.

Биылғы мақсат – әлемдік рейтингтің ТОП-10 қатарына кіру. Басты мақсат – бірінші болу. Мен бұған ұмтыламын және бар күш-жігерімді саламын, — деді Уимблдон-2022 жеңімпазы.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: