Елена Рыбакина Уимблдонда жеңіске жеткені үшін мемлекеттен ақшалай сыйлық алмайды

Уимболдон, теннис, ақшалай сыйлық, сыйақы, спорт, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.07.2022 13:59 Сурет: Instagram/lenarybakina
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон-2022-дегі жеңісі үшін ақшалай сыйақы алмайды. Бұл туралы ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Халықаралық жарыстардың чемпиондарын, жүлдегерлерін, сондай-ақ жаттықтырушыларды ақшалай ынталандыру Қазақстан Республикасы үкіметінің 2007 жылғы 28 наурыздағы №152 қаулысы негізінде іске асырылады. Бұл Уимблдон турнирі коммерциялық болғандықтан, республикалық бюджеттен ақшалай төлем қарастырылмаған, – делінген Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің хабарламасында.

Еске салсақ, 9 шілдеде Елена Рыбакина Уимблдонның жаңа чемпионы атанды. Финалда қазақстандық планетаның екінші ракеткасы – тунистік Онс Жаберді ұтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: