Рыбакина US Open-нің екінші айналымына шыққаны үшін қанша сыйақы алатыны белгілі болды

Рыбакина US Open-нің екінші айналымына шыққаны үшін қанша сыйақы алатыны белгілі болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2026 16:40 Сурет: Instagram/lenarybakina
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Нью-Йоркте (АҚШ) өтіп жатқан "Үлкен дулыға" турнирінің 1/64 финалындағы жеңісі үшін ақшалай сыйақы алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елена Рыбакина бірінші айналымда америкалық Тея Фродинді 6:3, 6:2 есебімен сенімді түрде жеңді.

Sportarena.kz жазуынша, АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымына шыққан қазақстандық теннисші 190 мың доллар (86 млн 438 мың 923 теңге) көлемінде сыйақы алуға кепілдік берді. Сонымен қатар Елена WTA рейтингінде бірінші орын үшін күресте 70 ұпай еншіледі.

US Open-2026 турнирінің екінші айналымындағы Боусас Манейра мен Елена Рыбакина арасындағы матч 3 қыркүйекте өтеді.

Бұған дейін Рыбакина US Open-2026 турниріндегі алғашқы матчынан кейін денсаулығына қатысты пікір білдірген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: