Көкшетаулық полицейлер қылмыстық істі жабуға 23 млн теңге сұраған
Сурет: polisia.kz
Көкшетау полицейлері қылмыстық істі жабуға уәде бергені үшін 50 мың доллар (23 млн теңгеден астам) алды деген күдікке ілінді. Көкшетау қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Көкшетау қаласы полиция басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты басқа органның іс жүргізуінде жатқан қылмыстық істі тоқтатқаны үшін кәсіпкерден 50 мың АҚШ доллары (23 млн теңгеден астам) сомасында ақша қаражатын алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі
Ведомствоның хабарлауынша, 8 шілдеде жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижелері бойынша ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде Көкшетау қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары ұсталды.
9 шілде күні Көкшетау қаласының тергеу соты күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript