Жоспарлар қағаз жүзінде қалды – Тоқаев үкіметті сынады

президент үкіметті сынады Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде көтерме сауда орталықтары желісі бар Ұлттық тауарды тарату жүйесінің іске қосылуы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент екі жылдан астам уақыт бұрын көтерме сауда орталықтар желісі бар жүйені іске қосу туралы тапсырма бергенін түсіндірді.

Бірақ үкімет оны іске асыруды кейінге қалдырды. Жоспарлар мен жария мәлімдемелер қағаз жүзінде қалды. МЖӘ схемасы бойынша ірі кәсіпкерлермен бірлесіп көтерме сауда орталықтарын салу жобалары іске асырылмаған. Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан басшысы қазан айында үкіметке осы салада атқарылған істер туралы есеп беруді тапсырды.

Мүдделі инвесторларды тарту маңызда, деп қосты президент.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде жекелеген өнімдерді экспорттауға тыйым салу туралы шешімдер тауар балансы ескерілмей қабылданатынын айтты.

Бұл не тапшылыққа, не қажетті тауарлар өндірісінің тартымдылығының төмендеуіне әкеледі. Нәтижесінде мұндай шаралардың тиімділігі күрт төмендейді. Үкімет негізгі тауарлар балансын қалыптастыру ережесін бекітіп, ең бастысы, мониторингтің бірыңғай ақпараттық жүйесін әзірлеуі керек. Қасым-Жомарт Тоқаев

Бұл шешім қабылдау үшін өнім балансы туралы сенімді деректерді алуға мүмкіндік береді, деп түйіндеді президент.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз