Жаңалықтар тізбегі
0

Президент Қазақстандағы COVID-19 жағдайы туралы айтты

Президент Қазақстандағы COVID-19 жағдайы туралы айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.07.2022 11:58 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында елде коронавирус ауруының өсу қаупі туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, коронавирус жұқтырғандар көбейіп бара жатқанын айтты. Кейінгі екі аптада науқастардың саны 30% артқан.

Біздің елде де ахуал күрделене түсті. Алматы «қызыл» аймаққа қайта кіруі мүмкін. Негізгі себеп – тұрғындар мен дәрігерлердің қауіпсіздік шараларын сақтамауы. Мекемеаралық комиссияның жұмысын күшейту қажет. Сонымен қатар ревакцинация науқанын жандандырған жөн. Бұл жұмыста ешқандай асыра сілтеу болмауы керек. Шағын және орта бизнестің мүддесін ескерген абзал.Қасым-Жомарт Тоқаев

Сонымен қатар президенттің сөзінше, медицина саласына бөлінген қаржы көлемі артқанымен мұнда қордаланған мәселелер шешімін таппай отыр. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі тиімді болмады, нақты нәтиже жоқ. Үш миллионға жуық адам медициналық сақтандырудан тыс қалған. Соның кесірінен олар денсаулық сақтау саласындағы қызметтерді толық пайдалана алмайды.

Үкімет Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігімен бірлесіп, медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындауы керек. Келесі өзекті мәселе – денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру. Бұл жұмыс өте баяу жүріп жатыр. Денсаулық сақтау саласында 40-тан астам ақпараттық жүйе жұмыс істейді. Әр жүйенің өз кемшілігі бар. Министрлік болса, жауапкершіліктен қашып, нақты шешім қабылдамай отыр. Ал мұның зардабын дәрігерлер мен азаматтар тартып жатыр. Үкімет осы мәселені тез арада шешуі керек, – деді президент.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: