Димаштың концертіне алғашқы 15 минутта-ақ 36 елден жанкүйерлері билет алған

Димаш Құдайберген Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
Билет сатылымы басталған алғышқы 15 минутта Димаштың концертіне 36 елдің Dears жанкүйерлері билет алған, деп хабарлайды Zakon.kz

14 шілдеде Димаш Құдайбергеннің Алматыда өтетін алғашқы жеке концертіне билеттер сатыла бастады.

Ticketon ақпараты бойынша, алғашқы 15 минутта шоуға билеттерді әртістің әлем бойынша 36 елдегі жанкүйерлері сатып алған, – деп жазды Dimashnews.com cайты.

Ал Димаш Құдайберген өзінің Instagram-дағы парақшасында Dears-ке алғысын білдіріп, оларды туған елінде асыға күтетінін айтты.

Шоу Қазақстандағы ең ірі спорт ғимараттарының бірі – Орталық стадионда өтеді. Құрметті тыңдарманыммен туған елімде қайта кездесетініме қуаныштымын! Сіздерді асыға күтемін!Димаш Құдайберген

Димаштың «Stranger» концерті 2022 жылдың 23 қыркүйегінде Алматы қаласының орталық стадионында өтеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз