Жаңалықтар тізбегі
0

Шетелдік телерадио бағдарламалар Димаштың концертін беру арқылы рейтинг жинауда

dimashnews.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2020 15:28 dimashnews.com
Кубалық Dears-тардың ұсынысымен "Radio Progreso" радиостанциясы "Juventud 2000" бағдарламасы арқылы алтын дауыс иесінің концертін эфирге қойып, ең үздік бағдарламалар рейтингі бойынша ІІ-орынды иеленді. Одан соң Кубаның музыкалық телеарнасы - "Canal Clave-дегі" "Concerts" бағдарламасы Димаштың Ресейдегі жеке кешін 1 сағат бойына эфирден үздіксіз көрсетті.

25 тамыз күні Кубадағы "Canal Clave" Димаш Құдайбергеннің 1 сағаттық концертін өз эфирінен көрсетті. Осылайша "Concerts" бағдарламасы арқылы кубалықтар әлемге танымал әншінің өнерін тамашалауға мүмкіндік алды. Концерт Димаштың кубалық жанкүйерлерінің өтініші бойынша көрсетілген, деп хабарлайды dimashnews.com.

Куба телеарнасынан Димаштың 2019 жылдың 23 наурызында Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында аншлагпен өткен жеке ән кеші - "D-Dynasty" концерті 1 сағаттық бағдарламада үзбей көрсетілді.

Димаштың кубалық жанкүйерлері "Canal Clave" телеарнасының ресми парақшасына бірнеше ай бұрын хат жолдап, оның өнерін көгілдір экран арқылы қайталап көрсетуді сұраған. Өтініш орындалып, музыкалық арнадан көпшілік Димаштың концертін тағы да тамашалады.

"Dimash Cuba Dears" 2019 жылдың қараша айында құрылды. Сондан бері кубалық жанкүйерлер қазақ ұлының шығармаларын насихаттауды қолға алған. Әсіресе өз елдерінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көрсетілуін жолға қойды.

Айта кетсек, биыл мамыр айында Димаштың концерті "De La Gran Scene" бағдарламасында көрсетілді. Содан бастап кубадағы телеарна, радиостанциялар өз эфирлері мен желілері арқылы Димаш Құдайбергеновтың концерттерін трансляциялауға қызығушылық білдірді. Бұл - Димаштың кубалық Dears-тарының еңбегі. Олардың ұсынысымен елдегі мықты "Radio Progreso" радиостанциясы "Juventud 2000" бағдарламасы арқылы алтын дауыс иесінің концертін эфирге қойып, ең үздік бағдарламалар рейтингі бойынша ІІ-орынды иеленді. Бұл 23 тамыз күні болды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: