Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан оқушылары математикадан IMO-2022 халықаралық олимпиадасында 6 медаль жеңіп алды

Қазақстан оқушылары олимпиадада, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.07.2022 16:58 Сурет: Оқу-ағарту министрлігі
Ұлттық құрамамыз математикадан IMO-2022 халықаралық олимпиадасында 174 ұпай жинады. Оқу-ағарту министрінің айтуынша, бұл – еліміздің осы олимпиадаға қатысу тарихындағы рекордтық көрсеткіш, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бас педагог Асхат Аймағамбетовтың хабарлауынша, олимпиадаға қатысқан 6 оқушының барлығы да жүлделі орындарға ие болды. Олар 3 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды. Осылайша оқушыларымыз әлемдік есепте 17-орынға тұрақтады.

  • Күміс медаль иегерлері: Таир Сатубалдин, Фетуллах Сам, Мирон Юркевич;

  • Қола медаль алғандар: Әділет Зауытхан, Әділет Әбу, Юрий Тен.

Жүлдегерлерді жеңісімен құттықтаймын! Сіздер елімізді халықаралық аренада лайықты деңгейде, абыроймен таныстыра білдіңіздер. Ақыл-ойларыңыз, қажырлы еңбектеріңіз, табандылық пен ізденімпаз қабілеттеріңіз, білімге деген талпыныстарыңыз жаңа жеңістерге жетелей берсін! Ұстаздарыңызға, әріптестеріме берген білімі мен тәжірибесі үшін, ал ата-аналарыңызға сіздерге көрсеткен қолдауы мен тәрбиесі үшін алғыс айтамын, – деп құттықтады Оқу-ағарту министрі Асхат аймағамбетов.

IMO – әлемдегі ең беделді пәндік олимпиадалардың бірі. Зияткерлік сайысқа 104 елден барлығы 589 оқушы қатысты, соның ішінде Қытай, АҚШ, Оңтүстік Корея, Жапония, Ұлыбритания, Италия, Канада және тағы басқа елдер бар.

Министр президенттің тапсырмасы бойынша дәл осындай олимпиадаларда жүлде алған оқушылар мен олардың педагог-тәлімгерлеріне төлемдер белгілеп, оқушыларға ҰБТ-ны тапсырмай-ақ еліміздің ЖОО-ларына түсуге болатындай жағдай жасалғанын жеткізді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: