Қазақстандық оқушылар математикадан халықаралық олимпиадада төрт медаль жеңіп алды

Математика, математикадан халықаралық олимпида, білім, қыздар, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2023 17:37 Сурет: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстан құрама командасы Словенияның Порторож қаласында өткен қыздарға арналған Еуропалық математикалық олимпиадасында (EGMO) төрт бірдей медаль ұтып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәлімдеуінше, еліміздің намысын Астана мен Алматы қалаларынан және Павлодар облысынан  барған төрт оқушысы қорғады.  Қорытынды бойынша төртеуі де жүлделі орыннан көрінді:

  • Мерей Темирзинова (Астана қаласы) – күміс медаль;
  • Анастасия Одинцова (Павлодар облысы) – күміс медаль;
  • Ақерке Нурахметова (Алматы қаласы) – күміс медаль;
  • Амира Кенбаева (Алматы қаласы) – қола медаль.

Олимпиада 2023 жылғы 13-19 сәуір аралығында өтті. Онда әлемнің 60 елінен 240 оқушы қатысты. .

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: