Қазақстандық 4 оқушы халықаралық математикалық олимпиадада ел намысын қорғайды

Қазақстанның құрама командасы 2025 жылғы 13-19 сәуір аралығында Приштина (Косово) қаласында өтетін қыздарға арналған Еуропалық математикалық олимпиадаға (EGMO) қатысуда.
Зияткерлік сайыста әлемнің 60 елінен 240 оқушы бақ сынайды, – деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстан құрамасын
- Алматы қаласындағы Haileybury Almaty халықаралық мектебінің 11 сынып оқушысы Арай Қасенова,
- Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Юлия Катунина,
- Алматы қаласындағы С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейдің 11 сынып оқушысы Анар Дидарбекова және Аружан Қайрат таныстырады.
EGMO алғаш рет 2012 жылы Кембриджде (Ұлыбритания) өткізілді. Қазақстан командасы олимпиадаға 2017 жылдан бері қатысып келеді.
Осы уақыт ішінде еліміздің құрамасы 3 алтын, 9 күміс, 11 қола медаль және 4 құрмет грамотасын жеңіп алған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript