Алматыда Розыбакиев көшесінің бойындағы көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады

Розыбакиев көшесінің бойындағы – Әл-Фараби даңғылынан Есқараев көшесіне дейін жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы толығымен жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қозғалыс уақытша шектеледі:
19 шілде-20 шілде 22:00-ден 6:00-ге дейін,
20 шілде-21 шілде 22:00-ден 6:00-ге дейін.
Бұл жұмыстар 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына енгізілді. Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және маршрутыңызды алдын ала түзетуіңізді сұраймыз. Алматы қалалық ұтқырлық басқармасы
Бөлісу
0
Толық оқу