Жаңалықтар тізбегі
0

Маусым айында Қазақстанның 16 өңірінде жылдық инфляция үдей түсті – Ұлттық банк

ҚР Ұлттық банкі, инфляция, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.07.2022 09:14 Сурет: Zakon.kz
ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаменті нақты сектордың мониторингі басқармасының бастығы Игорь Осипов 2022 жылғы маусымдағы өңірлеріндегі инфляция үрдістері туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
2022 жылдың маусым айында елдегі жылдық инфляция 14,5%-ға (мамырда – 14,0%) жеделдеді. Аймақтар бойынша жылдық инфляция 16 өңірде жеделдеп, 1 облыста баяулады.ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаменті нақты сектордың мониторингі басқармасының бастығы Игорь Осипов

Оның айтуынша, жоғары инфляция Маңғыстау (мамырдағы 15,2%-дан маусымда 17,0%-ға дейін) және Ақмола облыстарында (13,9%-дан 15,3%-ға дейін) тіркелді.

Маусымда бағаның өсу қарқыны:

  • азық-түлік тауарлар бағасының өсу қарқыны 19,2%-ға дейін (мамырда – 19,0%) ұлғайды. Осы топтағы тауарлардың бағасының ең жоғары өсімі Маңғыстау облысында (23,6%) болды.

  • азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны 13,2%-ға дейін (мамырда – 11,9%) артты. Ең жоғары мәні Нұр-Сұлтан қаласында (16,4%), ал төмен мән – Шымкент қаласында (10,8%) тіркелді.

  • ақылы қызметтердің бағасы маусымда 9,2%-ға өсті (мамырда – 9,1%), бұл ретте Түркістан облысында жалпы республикалық деңгейден біршама жоғары (11,4%) болды, ал Атырау облысында айтарлықтай баяу (6,0%) өсті.

2022 жылдың маусым айында елдегі айлық инфляция 1,6% болды. Бұл соңғы 5 жыл ішінде маусымдағы инфляцияның орташа мәнінен айтарлықтай жоғары (2017-2021 жылдары: 0,5%) көрсеткіш. Барлық өңірде 2022 жылғы маусымда баға орташа тарихи нормасынан жоғары өсті. Айлық инфляцияның айтарлықтай қарқыны Маңғыстау облысында (2,6%) тіркелді.Игорь Осипов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: