Ұлттық банк: Ақпанда 17 өңірде инфляция жеделдеді
Ұлттық банк өкілі келтірген мәлімет бойынша, 2023 жылдың ақпан айында елде жылдық инфляция 21,3% болып (қаңтарда – 20,7%), қарқын ала түсті.
"Аймақтар бойынша инфляция 17 өңірде жеделдеп, 3 облыста баяулады. Жылдық инфляцияның ең жоғары мәні Маңғыстау облысында, Астана қаласында және Ақмола облысында тіркелді".Игорь Осипов
Оның сөзінше, ақпанда азық-түлік тауарларының бағасы ж/ж 26,2%-ға (қаңтарда – 25,7%) өсті.
Осы топтағы тауарлардың бағасы Маңғыстау облысында (32,1%) барынша жоғары, ал Алматы қаласында (24,6%) мейілінше баяу өсті.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны ж/ж 20,5%-ға дейін жеделдеді (қаңтарда – 20,2%). Ең жоғары мән Астана қаласында (31,3%), ең төменгі мән Алматы облысында (16,1%) тіркелді.
Ұлттық банк өкілінің айтуынша, ақпанда ақылы көрсетілетін қызмет бағасы ж/ж 15,0%-ға өсті (қаңтарда – 14,2%). Бұл ретте жалпы республикалық деңгейден баға Ақмола облысында (20,2%), біршама төмен Шымкент қаласында (11,2%) өсті.
"2023 жылғы ақпанда елде айлық инфляцияның өсімі де 1,3% болыа, жеделдей түсті. Бұл соңғы 5 жылдағы (2018-2022 жылдары: 0,6%) ақпан айындағы инфляцияның орташа мәнінен біршама жоғары".Игорь Осипов
2023 жылғы 16 наурызда ҚР Ұлттық банк неліктен теңге әлсіреп, доллар өсіп жатқанын түсіндірді.