Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандағы инфляция: Ұлттық банк баға баяу өскен аймақтарды атады

2023 жылдың желтоқсан айындағы ҚР аймақтарындағы инфляциялық үрдістер туралы, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.01.2024 16:55 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қазақстан Ұлттық Банкі ҚР аймақтарындағы инфляциялық үрдістер туралы деректі жариялады. 2023 жылғы желтоқсанда елде жылдық инфляция баяулап, 9,8%-ды құрады (қарашада – 10,3%).

Өңірлер бойынша жылдық инфляция 16 өңірде бәсеңдеді, 2 өңірде жеделдеді және тағы 2 өңірде өзгеріссіз қалды.

Бұл ретте, желтоқсан айында елдегі айлық инфляция 0,8% болды.

Жылдық инфляцияның ең жоғары мәні Қарағанды, Ақмола және Маңғыстау облыстарында тіркелді.

Желтоқсанда азық-түлік тауарларының бағасы ж/ж 8,5%-ға дейін (қарашада – 9,2%) баяулады. Осы топтағы тауарлардың бағасы Ұлытау облысында (11,8%) мейілінше тез, ал Түркістан облысында (7,1%) баяу өсті.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны ж/ж 9,1%-ға дейін баяулады (қарашада – 9,9%). Ең жоғары мән Маңғыстау облысында (12,5%), ең төмен мән Ақтөбе облысында (7,5%) тіркелді.

Желтоқсанда ақылы көрсетілетін қызмет бағасы ж/ж 12,4%-ға дейін өсті (қарашада – 12,0%). Бұл ретте жалпы республикалық деңгейден баға Түркістан облысында (18,2%) біршама тез, Қызылорда облысында (9,5%) айтарлықтай баяу өсті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: