Қазақстанның 16 өңірінде жылдық инфляция төмендеді

Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.01.2022 11:25 Сурет: pixabay
Желтоқсан айында елде жылдық инфляция баяулап, 8,4%-ды құрады, деп хабарлайды Zakon.kz
Аймақтар бойынша жылдық инфляция 16 өңірде баяулап, тек Нұр-Сұлтанда ғана жеделдеді. Ең көп баяу үрдіс Түркістан облысы (қарашада 9,0%-дан желтоқсанда 8,3%-ға дейін) мен Жамбыл облысында (8,8%-дан 8,1%-ға дейін) тіркелді.ҚР Ұлттық банкі

Күні кеше ҚР Ұлттық банкі инфляция құрылымында азық-түліктің қымбаттауы басқа көпшілік топтарда баға әлсіреуі аясында баяулағанын жазған болатынбыз.

Елімізде азық-түлік бағасының өсуі баяулап, 9,9%-ды құрады (қарашада – 10,9%). Азық-түлік бағасының ең жоғары өсуі Маңғыстау облысында қалыптасты (11,8%).

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы өсуін жалғастыруда (8,3%-дан 8,5%-ға дейін). Ең жоғары көрсеткіштер Ақмола (9,8%), Ақтөбе және Қарағанды облыстарында (тиісінше 9,6%-дан), ең төмен көрсеткіш Маңғыстау облысында (7,7%) байқалады.

Ақылы қызметтердің бағасы желтоқсан айында 6,5%-ға өсті (қарашада – 6,4%). Жалпы республикалық деңгейден айтарлықтай жоғары бағалар Шығыс Қазақстан облысында (8,0%), едәуір төмен көрсеткіш Ақтөбе облысында (5,3%) тіркелді.

Елдегі айлық инфляция соңғы 5 жылдағы орташа айлық мәннен төмен белгіге өтіп, 0,6%-ды құрады (2016-2020 жылдары: 0,8%). 2021 жылғы желтоқсанда баға Нұр-Сұлтанда (0,9%) және Ақтөбе облысында (0,8%) ғана тарихи нормадан жоғары көтерілді. Ақмола облысында бағалар өзгерген жоқ, ал қалған өңірлерде бағаның айлық өсу қарқыны өз нормасынан төмен қалыптасты.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: