Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның он облысында инфляция өсті

Азық-түлік, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2022 13:30 Сурет: Zakon.kz.
ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаменті нақты сектордың мониторингі басқармасының бастығы Игорь Осиповтың 2022 жылғы қаңтардағы ҚР өңірлеріндегі инфляциялық үрдістер туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz
2022 жылғы қаңтарда елде жылдық инфляция 8,5% болып (2021 жылғы желтоқсанда – 8,4%), жеделдеді. Өңірлер бойынша жылдық инфляция 10 өңірде жеделдеді, 5 өңірде баяулады, ал 2 өңірде өзгеріссіз қалды.

Ең көп жеделдеу Ақтөбе облысында (желтоқсандағы 8,7%-дан қаңтарда 9,2%-ға дейін) тіркелді, ал баяулау Маңғыстау облысында (9,2%-дан 8,7%-ға дейін) және Нұр-Сұлтан қаласында (8,8%-дан 8,3%-ға дейін) байқалды.

Қаңтарда азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқыны бір ай бұрынғы 9,9%-дық деңгейде сақталды. Осы топтың тауарлар бағасының ең жоғары өсімі Ақмола облысында қалыптасты (11,7%).

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсімі де өз мәнін 8,5%-дық деңгейде сақтады. Ең жоғары мәндер Ақмола және Ақтөбе облыстарында (10,2%-дан), ең төмен мән Маңғыстау облысында (7,1%) тіркелді.

Ақылы көрсетілетін қызметтің бағасы қаңтарда 6,8%-ға өсті (желтоқсанда 6,5%), бұл ретте жалпы республикалық деңгейден баға біршама жоғары Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында (8,2%-дан), біршама төмен Ақмола облысында (5,3%) өсті.

Елде айлық инфляция 0,7%-ды құрады, бұл соңғы 5 жылда қаңтардағы бағаның орташа мәнінен жоғары (2017-2021 жылдары: 0,6%). Орташа тарихи нормасынан жоғары баға 2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласында (1,0%), Ақтөбе (0,9%), Қарағанды (0,9%) облыстарында, Шымкент қаласында (0,9%), Ақмола (0,8%), Батыс Қазақстан (0,7%) және Солтүстік Қазақстан облыстарында (0,6%) өсті.

Маңғыстау, Атырау, Павлодар және Қостанай облыстарында баға өсу қарқыны өзінің орташа тарихи нормасын сақтап қалды. Қалған өңірлерде бағаның айлық өсу қарқыны өзінің орташа нормасынан төмен қалыптасты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: