Жаңалықтар тізбегі
0

Экспорт артса да, теңге нығаймады. Неге? Ұлттық банк жауап берді

Экспорт, теңге, ұлттық банк, металл, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.12.2021 12:44 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Нарықтағы тенденциялар мен экономиканы әртараптандырудың маңызы туралы Төлем балансы департаменті сыртқы секторға анализ жасау басқармасының бастығы Меруерт Алмағамбетова айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz

Ол 9 айдың қорытындысы бойынша, қазіргі төлем балансының тапшылығы өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда, 40,9%-ға қысқарып, (-)3,0 млрд АҚШ долларын құрағанын атап өтті. Бұған экспорттың айтарлықтай өсуі ықпал еткен.

Экспорт жыл басынан бері (2020 жылдың 9 айында +20,6%) ұлғая бастады. Қазақстан шет елге мұнай, мыс, ферроқорытпа, темірден жасалған, темір және мыс кендерінен шыққан тегіс прокаттар, концентраттар, бидай, мұнай өнімдерін, алюминий, күміс пен цинк өнімдерін көптеп сата бастады.Төлем балансы департаменті сыртқы секторға анализ жасау басқармасының бастығы Меруерт Алмағамбетова

Оның айтуынша, белгілі бір тауарлар экономиканың өсімін тежеп тұрды. Бұл – уран (0,8 млрд АҚШ долларына дейін 36,9%-ға қысқарды), газ (1,6 млрд АҚШ долларына дейін -20%-ға қысқарды), бағалы металдардың кендері мен концентраттары (0,5 млрд АҚШ долларына дейін -9,0%-ға дейін қысқарды).

Жалпы алғанда, әртараптандыру деңгейі төмен болғанда экспорт әлемдік тауар нарығындағы жағдайға жығылып отырады: экспорттағы мұнайдың үлесі 51,5%-ды, металл үлесі 19,1%-ды, газдың үлесі 3,6%-ды, уранның үлесі 1,9%-ды құрады.Меруерт Алмағамбетова

Басқарма бастығының айтуынша, елдердің ОПЕК+ келісімі аясындағы міндетіне, яғни, мұнай экспортын төмендету туралы келісіміне қарамастан, қара алтынға деген әлемдік бағаның өсімі мұнай мен газ конденсантының экспортын ұлғайтуға мүмкіндік берген (2020 жылдың 9 айына қарай +19%). Алайда ресми статистикадағы есептің ерекшелігін ескерсек, ІІІ тоқсандағы мұнай бағасының өсімі толығымен ІV тоқсанда байқалады.

Қазақстан мұнайын көбіне Италия (6 млрд АҚШ доллары), Нидерланд (2,8 мдрд АҚШ доллары), Франция (1,7 млрд АҚШ доллары) Үндістан (1,3 млрд АҚШ доллары) мен Қытай (1,2 млрд АҚШ доллары) елдері сатып алады.

Біздің мұнайды көп сатып алатын ел бұрынғыдай Италия болып қалды, мұнай экспортының 27% үлесі осы мемлекетке тиесілі. Ал өзге елдер арасында экспорт көлемін арттырған мемлекеттер – Нидерланд (12,6%-ға дейін), Франция (7,7%-ға дейін), Түркия (5,3%-ға дейін), Сингапур (2,8%-ға дейін) және Бруней (2,3%-ға дейін).

Сондай-ақ ол металл экспортындағы жағдайға тоқталып өтті.

Әлемдік сұраныс қалпына келе бастағанда, осы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында қара және түсті металл экспорты былтырға қарағанда 54% және 33%-ға, ал 2019 жылғы дағдарысқа дейінгі көрсеткішпен салыстырғанда, сәйкесінше 35% және 27%-ға өскен.

Көбіне-көп Қытай мен БАӘ-ге мыс, Ресейге, АҚШ пен Жапонияға темірден жасалған тегіс прокат, Түркия мен Хорватияға алюминий, Ұлыбританияға күміс, Қытай мен Ресейге мырыш экспорты артты.Меруерт Алмағамбетова

Ал түсті металды көбіне Қытай елі сатып алса, қара металды Ресей импорттаған. Айта кететін нәрсе, темір кендері мен концентраттар, күкірт, мыс кендері мен концентраттарының сатылымы айтарлықтай өскен соң өзге де экспорттардың өсімі байқалған.

Ол уран мен газдың экспорты неге төмендеп кеткеніне де тоқталып өтті.

Шетелге сатылатын уран мен газ көлемі азайып, бұл өз кезегінде тауарлар экспортын ұстап тұруға ықпал етті. Қазақстанның уран экспорты 2021 жылдың 9 айында 37%-ға төмендеп кетті. Қытайға (-443 млн АҚШ доллары), Үндістанға (-74 млн АҚШ доллары), Франция (-11 млн АҚШ доллары) мен Канадаға (-6 млн АҚШ доллары) экспортталатын радиоактивті элементтер көлемі азайған соң, уран мен газ экспорты да осындай көзге көрінетін деңгейде қысқарды.Меруерт Алмағамбетова

Осылайша, қазіргі таңда Қазақстан уранын Ресей мемлекеті сатып алып отыр (+23,8 млн АҚШ доллары), уран экспортындағы Ресейдің үлесі 21%-дан 37%-ға дейін өсті.

Сондай-ақ, газ экспортының азаюындағы тағы бір себеп – елімізде газға деген ішкі сұраныстың артуы болды. Әсіресе Қытайға экспортталатын газ көлемі едәуір азайған, сондай-ақ, Швейцария, Украина, Ауғанстан мен Германияға да шығатын экспорт азайып отыр.

Ұлттық банк өкілі экспорттың артуы неліктен теңге бағамының нығаюына әсер ете алмағанын түсіндіріп өтті.

Экспорттан түскен ақшалай табыстың өсуі үнемі ішкі валюталық нарықта валютаның ұсынысын арттыра бермейді. Бұның себебі, өнімді бөлу туралы келісім негізінде ірі мұнай-газ кен орындары инвесторлармен бірге әзірленеді. Ішкі валюта нарығында түсетін валюталық табыстың көлемі осы келісімнің шарттарына тәуелді болады.Меруерт Алмағамбетова

Оның айтуынша, уағдаластықтарға сәйкес, экспорттан түскен валюталық түсімдер алдымен инвестордың кен орнын әзірлеуге кететін шығындарын жабады, содан кейін ғана қалған қалдығы шарттағы үлесіне сай жобаға қатысушылар арасында үлестіріледі.

 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: