Жаңалықтар тізбегі
0

Ағылшын депутаттарына жұмысқа кәстөм-галстуксіз келуге рұқсат етілді

Дресс-код, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.07.2022 21:52 Сурет: pixabay
Бұл туралы Палата отырысының алдында Қауымдар палатасының төрағасы Линдси Хойл мәлімдеді. Еркін дресс-код парламент күзде жұмысқа қайта кіріскенге дейін рұқсат етіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ерекше аптап ыстық осы апта ішінде сақталып қала берсе, парламент мүшелері мәжіліс залында кәстөмсіз, галстуксіз жүремін деп шешсе, оған мен қарсы емеспін, – дейді РИА Новости Хойлдың сөзін келтіріп.

Ұлыбританияда дүйсенбі және сейсенбі күндері рекордтық деңгейде аптап ыстық күтіледі, осыған байланысты 15 шілде, жұма күні елде тарихта алғаш рет қауіптің "қызыл" деңгейі жарияланды.

Синоптиктердің болжамынша, термометр бағаны бұл күндері 40 градусқа дейін көтерілуі мүмкін, осылайша Ұлыбританияда 2003 жылы 38,7 градус сипатында тіркелген абсолютті температура рекорды жаңармақ.

Рекордтық температура көптеген қызметтің жұмысына кедергі келтіреді деп күтіледі.

Аптап ыстық өрт пен басқа да төтенше оқиғалардың орын алуына жол береді. Атап айтқанда, әскери полигон өртеніп, ұшу-қону жолағының еруіне байланысты Линкольнширдегі Ұлыбритания әуе күштерінің Крануэлл әуе базасының жұмысы тоқтатылды деп хабарланды.

Сонымен қатар, өрт сөндіру топтары бірнеше апта бойы жаңбыр тамшысы түспеген Англияның шығысында 50-ден астам өрт ошағын сөндірді. Ыстықтан көбіне жолдардың асфальты еріп, төтенше жағдай туғызуда.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: