Жексенбіде Қазақстанның басым бөлігінде аптап ыстық, шаңды дауыл тұрады деп күтіледі

Дауылды ескерту, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2022 17:38 Сурет: Zakon.kz
Алматыда және еліміздің 12 облысында 24 шілдеде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, Оралда күндіз найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін.

Түнде Ақтөбе облысының батысында, орталығында, күндіз солтүстігі мен орталығында найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, күндіз өңірдің оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болады. Ақтөбеде күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі. Күн күркірегенде кездегі солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан жел екпіні облыс орталығында 15-20 м/с құрайды, күндіз 44 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 18 м/с, сондай-ақ күндіз 41 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Қостанай облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түсуі ықтимал. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан, солтүстіктен, оңтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында күндіз солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Таңертең және күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстік жартысында найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан таңертең және күндіз облыстың солтүстік жартысында 15-20 м /с жылдамдықпен жел соғады, кей тұста жел екпіні 25 м/с жетеді.

Абай облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында батыстан, солтүстік-батыстан жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, кей тұста 25 м/с жетеді. Семейде күндіз найзағай болады деп күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан таңертең және күндіз жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Павлодарда таңертең және күндіз найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Солтүстік-батыстан соққан желдің күн күркіреген кездегі екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Алматы облысының басым бөлігінде 40-43 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Күндіз Конаев қаласында 40-43 градус аптап ыстық болады деп күтіледі. Күндіз Алматыда: 36-38 градус қатты ыстық.

Күндіз Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында 41-43 градус қатты ыстық сақталады.

Талдықорғанда күндіз 36-38 градус ыстық болады.

Күндіз Жамбыл облысының батысы мен оңтүстігінде 44 градус аптап ыстық болады деп болжанады. Таразда күндіз 41-43 градус қатты ыстық болады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: