Ақтөбе облысында далада мал бағып жүрген ер адамға жай түсті
Сурет: pixabay
Оқыс оқиға бүгін сағат 8:00 шамасында орын алды. Осы сәтте 41 жастағы ер адам далада мал бағып жүрген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі "Мой город" порталына берген түсініктемесінде төтенше жағдай орын алған жерге Мұғалжар ауданы Ембі қаласының құтқарушылары мен дәрігерлер аттанғанын жеткізді.
Зардап шегуші аудандық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript