Маңғыстау облысында екі жасар бала жылу құбыры мен қабырға арасында қысылып қалды

Оқыс оқиға Басқұдық ауылында орын алды. Баланың анасы төтеншеліктерге хабарласып, көмек сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өңірдің төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, құтқарушылар көрсетілген мекен-жайға жетіп, баланың жылу құбыры мен қабырға арасына кездейсоқ өтіп, содан кейін сол арада кептеліп қалғанын анықтады.
Құтқарушылар арнайы жабдықты пайдаланбай-ақ баланы босатып алды. Оған дәрігерлердің көмегі де қажет болмады.
Бөлісу
0
Толық оқу