Түркістан облысында 8 жасар баланың аяғына қақпаның істік темірі кіріп кеткен
![Оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2022 22:27](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-0a54da8b-563e-4d33-bdc0-0548e69f7dd1/800x451.webp)
Оқыс оқиға 10 қыркүйекте кешке орын алған. Куәгерлер авариялық-құтқару қызметіне хабарласып, көмек сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға орнына келіп жеткен құтқарушылар 2014 жылғы баланың қақпаға ілініп қалғанын анықтады. Баланың аяғына қақпаның үшкір істігі кіріп кеткен. Сағат 22:34-те бала қақпадан аман-есен алынып, медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД-ның бес қызметкері мен бір техникасы жұмылдырылды. Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі
Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript