Маңғыстау облысында екі жасар бала жылу құбыры мен қабырға арасында қысылып қалды

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.07.2022 19:18 Сурет: Маңғыстау облыстық ТЖД баспасөз қызметі
Оқыс оқиға Басқұдық ауылында орын алды. Баланың анасы төтеншеліктерге хабарласып, көмек сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірдің төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, құтқарушылар көрсетілген мекен-жайға жетіп, баланың жылу құбыры мен қабырға арасына кездейсоқ өтіп, содан кейін сол арада кептеліп қалғанын анықтады.

Құтқарушылар арнайы жабдықты пайдаланбай-ақ баланы босатып алды. Оған дәрігерлердің көмегі де қажет болмады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: