Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда әскери оркестрлердің жұмыс тәртібі анықталды

Әскери оркестр , сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2022 11:11 Сурет: ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі
Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мәдени-демалыс орталықтары Әскери оркестрлерінің, әскери дирижерлер мен музыканттардың қызметін ұйымдастырудың жаңа қағидаларын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қағидаларға сай Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мәдени-демалыс орталықтары әскери оркестрлерінің, әскери дирижерлер мен музыканттардың қызметі мынадай:

  • әскери жоралғыларды, бұқаралық, мәдени және спорттық іс-шараларды музыкалық қамтамасыз ету;

  • концерттік-тәрбие жұмысын жүргізу;

  • бөлімше командирлеріне жауынгерлік әндерді үйренуге әдістемелік көмек көрсету.

Әскери оркестр репертуары негізінен әскери-патриоттық тақырыптағы шығармалардан тұрады.

Әскери оркестрлермен, әскери дирижерлермен және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мәдени-демалыс орталықтарының музыканттарымен арнайы бағдарлама бойынша өткізілетін оқу-жаттығулар ұйымдастырылып, өткізіліп жатыр.

Атап өткендей, әскери дирижерлер мен музыканттардың әскери оркестрлерін сапалы дайындау үшін оларды күнделікті кезекшілікке қызметке тартуға жол берілмейді.

Әскери рәсімдерді, көпшілік, мәдени іс-шараларды өткізу кезінде әскери оркестрлерде ойнау тәртібін әскери оркестрдің бастығы немесе әскери дирижер іс-шараға жауапты адаммен бірге белгілейді.

Әскери жоралғылардың музыкалық сүйемелдеуімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны, сонымен қатар шет мемлекеттердің әнұрандары және қызметтік-жауынгерлік репертуардағы шығармалар әскери оркестрлермен тік тұрып, жатқа орындалады.

Құжат 9 тамызға дейін Ашық НҚА веб-сайтында жарияланған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: