Жаңалықтар тізбегі
0

Оралда екі автобус соқтығысып, 11 адам ауруханаға жеткізілді

Автобус, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2022 13:45 Сурет: Zakon.kz
Сағат 11:00 шамасында Дәулеткерей мен Мұхит көшелерінің қиылысында №39 және №30 бағдардағы екі автобус соқтығысты. Олардың бірі алған соққы салдарынан бір жанына қарай құлап, жаяу жүргіншілер жолағы алдына тоқтаған Toyota Camry-ды басып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Автобус ішіндегі жолаушылар шағылған терезеден сыртқа шығуға мәжбүр болған. Ал оқиға орыны арнайы жіппен қоршалды.

Жол апатынан кейін 11 адам түрлі дене жарақатымен медициналық пунктке жүгінді, олардың біреуі - бала. БҚО Полиция департаменті және облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі оқиғаны растап, қосымша ақпаратты кейін беретінін жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жол апаты орын алған кезде жолаушылардың барлығы өз орнында отырған. Тұрып тұрған адам болмаған. Кішкентай бір бала болды, ол зардап шеккен жоқ. Әрине, барлығымыз қорқып кеттік. Адамдар арасында дүрбелең басталып кетті. Бірден жас жігіттер жүгіріп келіп, іштегі адамдарды терезе арқылы сыртқа шығаруға көмектесті, - деп хабарлайды "Мой город" жол апаты куәгерінің сөзін келтіріп.

Оқиға орнында дәрігерлер мен полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайы анықталу үстінде.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: