Қызылжарда жолаушылары бар автобус апатқа ұшырады
![Жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2022 23:56](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-c9444a68-2acf-4099-adbf-27b2be8570e5/800x451.webp)
20 қазанда сағат 20:00 шамасында Петропавл қаласындағы Жамбыл – Мұқанов көшелерінің қиылысында Nissan Qashqai автокөлігі мен ішінде 12 жолаушы болған №16 бағдардағы автобус соқтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жол көлік оқиғасы салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Медициналық көмекке жүгінгендер де болмады.
Екі жүргізуші де сау, ішімдік тұтынбаған. Аталған фактіге сәйкес, ҚР ӘҚБтК 610-бабының 1-бөлігі бойынша материал жинастырылды. Солтүстік Қазақстан облысы ПД баспасөз қызметі
![](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-89072820-0dbe-42c8-9236-15ecf7461ec9/800x451.webp)
Сурет: СҚО ПД баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript