Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлттық ұланның екі әскери қызметшісі асулы күйі табылды

Қайғылы жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.07.2022 11:30 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Степногорск, сондай-ақ Ақтау маңындағы әскери бөлімдердегі Ұлттық Ұланның екі әскери қызметшісінің асылып қалғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
29 шілде күні сағат 21.00 шамасында автопарк бойынша тәуліктік кезекшілікте тұрған қатардағы жауынгер Н.А. Оразбай кезекшіден дәретханаға сұранып кетеді. Біршама уақыттан кейін оны шақырып келуге шыққан кезекші сарбаз автопарк аумағында орналасқан қойма ішінде Н.А.Оразбайдың асылып тұрғанын көреді.ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Автопарктің кезекші қызметі Н.А.Оразбайға жедел медициналық көмек көрсетіп, санитарлық көлікпен Степногорск Орталық қалалық ауруханасына жеткізген. Орталық қалалық ауруханасының дәрігерлері сарбаздың қайтыс болғанын растады.

Қатардағы Оразбай Н.А. 1995 жылы туған, Ұлттық ұлан қатарына 2021 жылдың күзінде Жетісу облысының Панфилов ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен шақырылған. 

Екінші қайғылы жағдай 30 шілдеде Ақтауда орын алды.

30 шілде күні сағат 05.15-те әскери бөлімге аға сержант А. С. Мерғалиевтің өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат келіп түсті. Мән-жайды нақтылау кезінде жұбайының түнгі сағат 03.30 шамасында күйеуін үйінің дәретханасынан (тұрғылықты мекенжайы: Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылы, Балдырған көшесі 7) асылып тұрған күйінде тауып алғаны белгілі болды. ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Арнайы комендатураның қарауыл бастығы аға сержант Мерғалиев Абылай Серікұлы 1990 жылы туған, үйленген, бір қызы бар. Ұлттық ұлан қатарында 2015 жылдан бастап қызмет еткен.

Аталған фактілер туралы кезекші қызмет желісі бойынша тиісті органдарға хабарланды. Оқиғалардың мән-жайы анықталып, тергеу жұмыстары жүргізілуде. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге тыйым салынған.

ҚР Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы мерзімдік қызмет әскери қызметшісі Н.А.Оразбайдың және келісім шарт бойынша әскери қызметші А.С.Мерғалиевтің ата-анасы мен жақындарына орны толмас қайғыға ортақтасып, көңіл айтады.ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: