Жаңалықтар тізбегі
0

Теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ең мықты сегіз команданың қатарына енді

2022 ITF World Junior Tennis Finals, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.08.2022 19:58 Сурет: ҚТФ баспасөз қызметі
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Простеев қаласында (Чехия) 14 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан командалық әлем чемпионатының (2022 ITF World Junior Tennis Finals) ширек финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыстың үшінші күні қазақстандық жасөспірімдер айды аспанға шығарып, әлем чемпионы – Италия құрамасын тізе бүктірді.

Кортқа кеше Аргентина құрамасымен сәтті ойнаған Даниэль Тазабеков алғашқы болып шығып, Сальваторе Тартальонемен шеберлік байқасты. Бірінші партияда Даниэль қарсыласына бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0. Екінші сетте бесінші геймде брейк жасап, сол басымдылығынан айрылмады – 6:3.

Заңғар Нұрланұлы мен Антонио Марильяно аса тартысты бәсеке өткізді. Бірінші партияда италиялық спортшы басымдылық танытты – 6:4. Екіншісінде де ол 3:1 есебімен алға кетті. Дегенмен, Заңғар таразы басын теңестіріп қана қоймай, сетті өз пайдасына жазды – 6:4. Үшінші, шешуші партияда сегізінші геймде қазақстандық теннисші брейк жасай алды – 5:3. Содан кейін өзі доп бергенде, нүкте қоя білді – 6:3.

Осылайша, әлем чемпиондарын ұтқан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы өз тарихында алғаш рет дүниежүзілік доданың ширек финалына шығып, үздік сегіз команданың қатарына енді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: