Қазақстан жастар құрамасы теннистен экс-чемпиондарды ұтып кетті
Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі Қазақстан құрамасының капитаны Сергей Квак тәуекелге бел буа отырып, Бенджамин Челийге қарсы Даниэль Тазабековты (құраманың үшінші нөмірі) ойынға шығарып, тамаша қадам жасады деп хабарлайды.
Бұған дейін Бенджамин 2021 жылғы әлем чемпиондарына қарсы матчта Италиядан маңызды екі ұпай олжалады: жекелеген сында, содан соң жұптық сында. Бірақ Даниэлмен болған тартысты кездесуде аргентиналық ештеңе істей алмай қалды, қазақстандық кортта толығымен басымдық танытты: екінші партияның соңында Тазабеков Челиямен есепті теңестіріп, одан соң суырылып алға шықты. Есеп: 7:5, 6:2.
Келесі кезекте Заңғар Нұрланұлы Аргентина құрамасының көшбасшысы Данте Паганиге қарсы кортта өнер көрсетті. Бірінші партияда Заңғар басым болып, қарсыласын 6:2 есебімен жеңді, екінші сет олжасы Дантеге бұйырды – 6:1. Үшінші партияда да аргентиналық сәттілікке ие болды - 6:1.
Жекпе-жектің тағдыры жұптық ойында шешілді. Дамир Жалғасбай Даниэль Тазабековпен бірге Данте Пагани/Бенджамин Челия жұбымен ойнады. Есеп - 6:1, 6:4.
Ширек финалға жолдама алу үшін қазақстандықтар 3 тамызда Италия құрамасын ойсырата жеңуі керек.