Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағандылық домбырашы Грузияда өткен халықаралық байқауда бас жүлдені жеңіп алды

Грузияда өткен Халықаралық байқау, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2022 22:22 Сурет: gov.kz
14 жасар қарағандылық Айбек Қасымханов Грузияда өткен халықаралық музыкалық байқауда бас жүлдені жеңіп алды. Ол домбырамен алты жасынан бастап айналысады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл сүйінші хабармен жас домбырашының туған өңірі - Қарағанды облысының әкімдігі бөлісті.

Айбек Қасымханов, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2022 22:22

Сурет: gov.kz

Мен Қарағанды мамандандырылған музыка мектеп-интернатында домбырамен ән айту сыныбында оқимын. Менің жетекшім – Азамат Түсіпбеков. Көптеген облыстық, республикалық және халықаралық байқаулар мен фестивальдарға, сондай-ақ "Қазақстан дауысы" жобасына қатысып, жүлделі орындарға ие болдым. Айбек Қасымханов

Грузиядағы халықаралық байқауға жас музыкант Түркиядағы жеңістен кейін жолдама алған.

Өткен жылы мен Алматыда өткен халықаралық байқауға қатысып, онда бірінші орын алдым, маған Түркияға жолдама берілді. Мен онда да бірінші болып, Грузияда өтетін халықаралық музыкалық байқауға қатысуға шақырту алдым. Шілде айының соңында ол жерге барып, сәттілік серігім болды: мен Гран-при жеңіп алдым. Келесі жылы мен тағы да Грузиядағы музыкалық жарысқа қатысуды жоспарлап отырмын, өйткені мен сертификат жеңіп алдым. Болашақта өз өмірімді музыкамен байланыстырғым келеді. Домбыра мен дәстүрлі халық әндерін дәріптеймін. Мектепті бітіргеннен кейін Алматыдағы Қазақ ұлттық өнер академиясына оқуға түсу жоспарда бар, – деп бөлісті домбырашы.

Жолдама, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2022 22:22

Сурет: gov.kz

Айбек Қасымханов негізінен халық әндерін орындайды. Түркия мен Грузиядағы байқауларда ол "Бастау" мен "Хәләулім" туындыларын шырқады.

Айбек Қасымхановтың есімі "Қазақстанның алтын балалары" кітабына енді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: