Жаңалықтар тізбегі
0

11 жылға сотталған жас қызға есірткіге тәуелділіктен де емдеу шарасы тағайындалды

Сот үкімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2022 23:09 Сурет: polisia.kz
Петропавлда жасырын орынға есірткі тастаушы 22 жастағы қызға қатысты сот үкімі заңды күшіне енді, одан аса ірі көлемде синтетикалық есірткі тәркіленген болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейлер бойжеткенді ақпан айында ұстаған. Сот үкіміне сәйкес ол 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Сот қосымша бойжеткенге жазаны өтеу орнында есірткіге тәуелділіктен мәжбүрлі түрде емдеу шарасын тағайындады.

Қазіргі уақыттың проблемасы – нашақорлардың, қылмыскерлердің орташа жасының төмендеуі. Жастар “оңай олжаға” қызығады. Олар өздерінің әрекеттері халықтың денсаулығына қаншалықты залал келтіретіні туралы, есірткіні сатқаны үшін заңнамамен қатаң жаза көзделгені туралы ойланбайды. Ағымдағы жылы СҚО-да есірткіні жасырын орынға салып кетіп жүрген 22 адамға сот үкімі шығарылды. Олардың 12-сінің жасы 25-тен аспайды. Олар орташа есеппен 10 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Жандос Басыбаев

Жыл басынан облыста 123 түрлі есірткі бұзушылығы анықталды, оның 46-сы сату фактісі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: