Алматыда 13 шетелдік азамат құлдықтан босатылды

құлдықта болған шетел азаматтары Сурет: gov.kz
Өзбекстанның 13 азаматын Алматыда құлдықта ұстаған. Бұл туралы шаһардағы көрші елдің консулдығы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Консулдық өкілдерінің сөзінше, жергілікті тұрғындардан құралған топ шетелдік иммигранттарды жеке үйге қамап, заттары мен құжаттарын тартып алған, деп жазады qazaqstan.tv.

Осылайша оларды тегін жұмыс күші ретінде пайдаланғысы келген. Консулдық қызметкерлері мен полицейлер құлдықта болғандарды азат етті.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қазіргі таңда Бостандық аудандық полиция басқармасында тергелуде. Осы істің толық мән-жайын анықтауға бағытталған іс-шаралар қолға алынды. Салтанат Әзірбек, қалалық ПД ресми өкілі

Құлдықта болған азаматтарды осы бағытта жұмыс істейтін қоғамдық қор уақытша баспана және азық-түлікпен қамтамасыз етіп, Өзбекстанға аттандырған. Ресми ақпаратқа сүйенсек жапа шеккендердің 9-ы Сұрхандария облысының, қалғаны Ташкент қаласының тұрғындары.

Олардың арасында 18 жастағы бозбалалар болды. Айтуларынша Қазақстанға бұған дейін де келіп, жұмыс істеген. Біз оларға барынша жағдай жасап, еліне аттандырдық. Қазір барлығы үйлерінде. Отбасыларының жанында. Диана Бақыт, қоғамдық қор өкілі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз