Алматы облысында бір шетелдік құлдықтан құтқарылды

Адам саудасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.12.2021 21:04 Сурет: pixabay
43 жастағы ер адам жанар-жағармай бекетіне хат жазып қалдырған. Оны оқыған бекет қызметкерлері полицияға қоңырау шалды, деп хабарлайды Zakon.kz

Алматы облысы ПД басшысы Серік Күдебаевтың айтуынша, ақпарат 23-інен 24 желтоқсанға қараған түні түскен. Барлық мобильді кезекші жасақтарға бағдар берілді. Өңірде "Ұстау" жоспары іске қосылды.

"Алматы-Бішкек" автожолының 76 шақырымындағы Самсы ауылының маңында аға инспектор А.Төлеқазов және аға полиция лейтенанты А.Жанабеков мінген "Борт-25" экипажы тізгініне 35 жастағы жүргізуші болған Honda Elysion көлігін тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде көлік салонында тағы төрт ер адам болған, олардың арасында жанар-жағармай құю бекетіне өзіне құтқаруды сұрап, хат қалдырған көрші республиканың 43 жастағы азаматы да болды. Алматы облысы ПД бастығы Серік Күдебаев

Ұсталғандар полиция бөліміне жеткізілді, ал жәбірленуші өзін ұрлау фактісі бойынша арыз жазды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: