Түркістан облысында жанар-жағармай бекетінен өрт шығып, бір адам күйіп қалды

Түркістан облысында жанар-жағармай бекетінен өрт шығып, бір адамды күйік шалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.07.2025 21:12 Сурет: Zakon.kz
Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Тұрбат ауылында жанар-жағармай бекетінен өрт шығып, бір адамды күйік шалды. Дәрігерлер науқастың жағдайы ауыр дейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Тұрбат ауылындағы жанар-жағармай бекетінде өрт шықты. Жалын бекет жанындағы тұрғын үй мен дәріхана және сауда үйіне өткен. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлады.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше, оқиға 7 шілде күні болған. Өрт жанар-жағармай бекеті ауласында жанармай тасымалдайтын көліктен бензин құю кезінде шыққан.

"Бензавоздан бензин құю кезінде газды ауа қоспасының жарқылы орын алып қасында орналасқан жеке тұрғын үймен екі қоғамдық ғимаратқа ұласқан. Өрттің жалпы ауданы 855 шаршы метр. Газды ауа қоспасының жарқылы орын алу себебі анықталып жатыр, - деп хабарлады Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Өрт кезінде 29 жастағы жанармай тасушы көліктің жүргізушісін күйік шалды. Қазығұрт аудандық ауруханасында ем алып жатқан оның жағдайын дәрігерлер ауыр дейді.

"Науқасты кезекші травматолог пен реаниматолог қарап шыққан. Ол шұғыл түрде жансақтау және қарқынды терапия бөліміне жатқызылды. Алғашқы диагноз: жалыннан болған IIIА–IIIБ дәрежелі термиялық күйік, дене бетінің 85–90 пайызын қамтыған. Жағдайы өте ауыр, травматикалық шок байқалуда. Дәрігерлер науқастың өмірі үшін күресіп жатыр", - деп хабарлады Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің анықтау бөлімі мен зерттеу өрт-сынақ зертханасы жұмыс істеген. Өртті сөндіруге облыс және Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің қырықтан аса қызметкері тартылған. Өртті сөндіруге 2 сағаттан артық уақыт кеткен.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: