Түнде Таразда мейрамхана өртеніп, оттың жанар-жағармай бекетіне тарау қаупі туындады

Өрт, Тараз, мейрамхана , жанар-жағармай бекеті, эвакуациялау, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.01.2026 09:50 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Тараз қаласында ТЖМ қызметкерлері мейрамхананы өрттен сақтап, жанындағы жанар-жағармай бекетіне қзыл жалынның таралуына жол бермеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тараз қаласының Жамбыл даңғылы бойында орналасқан екіқабатты мейрамхана ғимаратына жапсарлас салынған жаздық алаң өртенді.

"Оқиға орнына жедел жеткен Жамбыл облысының ТЖД күштері мейрамханадан шамамен 100 адамды эвакуациялады. Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде өрттің мейрамхананың негізгі ғимаратына және жанында орналасқан жанар-жағармай құю бекетіне таралуына жол берілген жоқ. Өрт 300 шаршы метр алаңда сөндірілді", делінген төтеншеліктер хабарламасында.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Айта кетсек, 29 желтоқсанда түнде Оралда полицейлер өрт шыққан үйден 45 адамды қауіпсіз жерге эвакуациялаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: