Жаңалықтар тізбегі
0

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ШҚО тұрғындарымен кездесті

Жұмыс сапары, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2022 23:30 Сурет: ШҚО Ақпарат орталығы
Бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесуде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің міндетін атқарушы Алмасхан Сматлаев есеп берді.

Басты назарда облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайы, өнеркәсіптік әлеует, аграрлық жобаларды іске асыру, әлеуметтік саланы жаңғырту, денсаулық сақтау және сапалы білім беру және т. б. мәселелер болды.

Жұмыс сапары, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2022 23:30

Сурет: ШҚО Ақпарат орталығы

Өнеркәсіп өнімінің көлемі тиісінше 108,2%-і, ауыл шаруашылығы 103,2%-і, инвестициялар 112,3%-і, құрылыс жұмыстары 110,2%-і құрайды. Осының барлығы мемлекеттік бюджетке түсімдерді 163%-ке, оның ішінде жергілікті бюджетке түсімдерді 122% -ке ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта жергілікті бюджеттердің кіріс базасы нығайтылуда. Бұл ретте шағын және орта бизнестен түсетін корпоративтік табыс салығын жергілікті деңгейге беру оң ыңпал етеді. Кешенді жоспарлар шеңберінде өңір бойынша жаңа жұмыс орындарын құру серпіні байқалады, бұл шамамен 6,5 мыңды құрайды. Таяу перспективада облыста 481 млрд теңгеге 14 жоба, оның ішінде ағымдағы жылы 62 млрд теңгеге 3 жоба іске асырылатын болады.

Аграрлық жобаларды іске асыру бойынша жыл басынан бері 300 мың тонна ірі май экстракциялық зауыт пайдалануға берілді, бұл жұмыс істеп тұрған өндірістерді ескере отырып, өсімдік майларын қайта өңдеу және экспорттау көлемін 1,8 есеге ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Халықпен кездесу, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2022 23:30

Сурет: ШҚО Ақпарат орталығы

Әлеуметтік саланы жаңғырту бойынша материалдық-техникалық базаны нығайту және медицина кадрларының біліктілігін арттыру бойынша жұмыс жалғасуда. Атап айтқанда, қосымша тағы 14 қызмет түрін енгізу жоспарлануда. Сондай-ақ, колледждерде және өңірлік жоғары оқу орындарына түсу үшін студенттерді тегін оқытуға мемлекеттік тапсырыс 10%-ке ұлғаюда.

Халықты таза сумен қамтамасыз ету үшін 32 жоба іске асырылуда, бұл халықты орталықтандырылған сумен қамтуды 98,3% -ке дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Тұрғын үй құрылысы мәселелері де ерекше басымдық болып табылады, 187 млрд.теңгеге 878 мың м2 тұрғын үй салынуда, оның ішінде 126% өсіммен 348 мың шаршы метр пайдалануға беріледі.

Жол желісінің жағдайын жақсарту үшін жыл басынан бері 8,8 млрд теңгеге жол жөндеу бойынша 74 жоба іске асырылуда.

Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасы адал бәсекелестікті күшейту, жеке меншікті қорғау, экономиканы монополиялаудан арылту арқылы еліміздің жаңа экономикалық бағытын іске асыруға бағытталған.

Халықпен кездесу, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2022 23:30

Сурет: ШҚО Ақпарат орталығы

Осы шаралардың барлығы саяси тұрақтылықты, бизнестің мүдделері мен құқықтарын қорғау жүйесін айтарлықтай нығайтады, барлық қазақстандықтар үшін кең экономикалық мүмкіндіктер туғызады, - деп атап өтті Ерұлан Жамаубаев.

Кездесу барысында Ерұлан Жұмабаев Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының сұрақтарына жауап беріп, бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен өткен баспасөз конференциясына қатысты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: