Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанай облысында жоғалған қызды іздеушілерге нейропсихолог кеңес берді

Жедел штаб, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2022 19:44 Сурет: pixabay
Жедел штабтың жұмысына нейропсихолог Екатерина Руфф та тартылды, ол дамуында ерекшеліктер бар балалармен жұмыс істейді. Маман жоғалған қызды кезіктіріп қалған жағдайда адамның өзін қалай ұстауы бойынша ұсыныстарымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел штабтағылар атап өткендей, бұл ұсыныстар Жамбыл ауылында жоғалған қызды іздеуге жұмылдырылған немесе енді қатысуды жоспарлап отырғандардың барлығына бағытталады.

Мұндай балаларда стереотиптен тыс мінез-құлық болады, мысалы қатты дыбыстардан, әсіресе айқай-шудан, биікке шығудан, жарыққа және басқа да жағымсыз әсерлерге жауап қатудан қорқады, - деді Екатерина Руфф.

Жоғалған қыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2022 19:44

Сурет: Жедел штаб

Жедел штаб баланы кезіктіріп, не болмаса, оны тапқандарға қалай әрекет ету қажеттігі жайында нұсқаулық әзірледі.

Қызды тауып алған жағдайда оның атын атап, шақырмаңыз, эмоцияға да берілмеңіз, тек жайбырақат қасына тыныш келіп, қолынан ұстау керек, делінген нұсқаулықта.

Сондай-ақ, жедел штаб көрсетілетін кез-келген көмек тек штабпен үйлестіріліп отыру қажеттігін айтты.

Айта кетсек, бес жасар қыз 7 тамызда таңертең Қостанай облысының Жамбыл ауылында жоғалып кеткен болатын. Балаға 18 және 13 жастағы үлкен әпкелері қарап үйде қалған. Олар таңертең оянғанда сіңлісінің үйде жоқ екенін байқайды. Кейінірек куәгерлер қызды ауладан, одан кейін ауылдан, тағы бір уақытта ауыл сыртынан көргендерін айтқан.

8 тамызда кешке полицияға баланы жүгері алқабынан көргендер бары туралы хабарлама келіп түсті. 9 тамызда таңертең полиция жедел штаб нөмірін жариялап, азаматтардан іс-әрекеттерді үйлестіру үшін хабарласып отыруды сұрады.

9 тамызда түстен кейін іздеушілер жоғалған қызға арнап жүгері алқабында шар байлап, сусын мен тамақ қалдырды. Бұл - баланың назарын аударуы мүмкін деген үмітте қабылданған шара.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: