Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде халық саны 236,7 мың адамға көбейді

Ұлттық статистика бюросы, халық саны, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.08.2022 17:04 Сурет: Zakon.kz
Ұлттық статистика бюросы таратқан ақпарат бойынша, 2022 жылғы 1 шілдеде еліміздегі халық саны 19 246,3 мың адам болды, оның ішінде қалалықтар – 11 479,6 мың (59,6%), ауылдықтар – 7 766,7 мың адам (40,4%), деп хабарлайды Zakon.kz.

2021 жылғы 1 шілдемен салыстырғанда, халық саны 236,7 мың адамға немесе 1,2 пайыз өсті.

2022 жылғы қаңтар-маусымда республика халқының табиғи өсімі 2021 жылғы қаңтар-мауыммен салыстырғанда,  (139,7 мың адам) 7,7% кеміп, 128,9 мың адам болды. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 13,51 адам.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2022 жылғы қаңтар-маусымда дүниеге келгендер саны 198,1 мың адам болды, бұл 2021 жылғы қаңтар-маусымға (216,2 мың адам) қарағанда 8,4% аз. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 20,76.

Қарастырылып отырған кезеңде 69,2 мың адам қайтыс болды, бұл 2021 жылғы қаңтар-маусымға (76,6 мың адам) қарағанда 9,6% аз. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,25.

2022 жылғы қаңтар-маусымда республикада 1 жасқа дейін шетінеген 1 649 нәресте тіркелді. 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда, (1 688 шетінеген нәресте) 2,3% кеміді. Нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 туғандарға шаққанда 8,32.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: