Қазақстанда халық саны тағы 141 мың адаммен толықты

адамдар, халық, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2022 17:40 Сурет: Zakon.kz
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша ел халқы 19 млн 644 100 адам болды. Оның ішінде қалалықтар – 12 млн 111 100 адам (61,7%), ауылдықтар – 7 млн ​​533 мың (38,3%) адам, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биыл жыл басынан бері халық саны 140,9 мың адамға немесе 0,7% өсті.

Бұл ретте:

  • ерлер саны – 9 млн 585 200 адам (48,8%);

  • әйелдер – 10 млн 58 900 адам (51,2%).

Халықтың табиғи өсімі 7 айда 9% төмендеп, 148,1 мың адам болды. 1000 халыққа шаққандағы табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 12,99 адамды құрады.

АХАЖ мәліметтері бойынша, қаңтар-шілдеде Қазақстанда 227,9 мың жаңа туған нәресте дүниеге келген. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11% аз. (256 мың адам). Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 19,99 туды.

Сонымен қатар елде 79,8 мың адам қайтыс болды. Бұл былтырғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда (93,3 мың адам) 14,5% аз. Жалпы өлім көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 7 өлім болды.

Бұл ретте 1 жасқа дейінгі 1914 сәбидің өлімі тіркелді. Сәби өлімі 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,6% төмендеді. Нәресте өлімінің көрсеткіші 1000 туылғанға шаққанда 8,40 жағдай болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: