Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан халқының саны 269 мың адамға артты

Демография, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.02.2023 18:24 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстандағы халық саны 19 765 004 адамды құрайды, оның ішінде қала тұрғындары – 12 208 259, ауыл тұрғындары – 7 556 745 адам, деп хабарлайды Zakon.kz.

12 ай ішінде Қазақстанда 403,5 мың адам (2021 жылы 450,7 мың адам) дүниеге келді , оның 208 мыңы – ұл балалар, 195,5 мыңы – қыз балалар.

Туу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 20,28 құрады.

134,7 мың адам - қайтыс болған, бұл ретте 1000 адамға шаққанда өлім-жітім коэффициенті 6,77 құрайды.

Жалпы, бір жыл ішінде халықтың табиғи өсімі 268,8 мың адамды құрады (263 мың – 2020 ж., 267 мың – 2021 ж.).


Ең жоғары туу көрсеткіші Маңғыстау (1000 тұрғынға 27,75 адам), Түркістан (27,23) облыстарында және Шымкент қаласында (26,34) байқалады.

Ең жоғары өлім-жітім көрсеткіші Солтүстік Қазақстан (1000 тұрғынға шаққанда 11,84), Шығыс Қазақстан (11,71) және Қостанай облыстарында (10,82) байқалады, бұл осы облыс халқының жас құрылымымен байланысты.


12 айда 1 жасқа дейінгі 3 215 нәресте қайтыс болды. 

2022 жылы 128,5 мың неке тіркеліп, 2021 жылғы 12 аймен салыстырғанда неке саны 8,4%-ға төмендеді.

Неке коэффициенті 1000 адамға шаққанда 6,46 құрайды.

Сонымен қатар, 17,7 мың ажырасу фактісі тіркелді, бұл 2021 жылғы деңгейден 8,1%-ға аз. Ажырасу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 0,89 құрады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: