Жаңалықтар тізбегі
0

Арыстың жігіті салмағы 43 келі болатын қошқарды 1 111 рет көтеріп рекорд орнатты

Түркістан облысы, Арыс қаласы, "Қошқар көтеру сайысы", сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2022 10:23 Сурет: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Арыста қала күніне орай «Қошқар көтеру» сайысы болды. Ерлерден соң қошқар көтеру кезегін алған арыстық Әділ Ақнұр есімді ару тіпті, біраз жігітті шаң қаптырып, қошқарды 64 рет көтерді. Оған арнайы сыйлық табыс етілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысы, Арыс қаласы, , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2022 10:23

Сурет: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Түркістан облысы, Арыс қаласында қала күні мерекесі қарсаңында қалалық ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастырумен ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз дәріптеліп, салауатты өмір салты насихатталған шарада қала жастарымен бірге Шымкент қаласы, Қазығұрт және Ордабасы ауданының жастары қатысты.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысушылар ұлттық спорт түрлері – арқан тарту, қол күрес, қошқар көтеру, гір тасын көтеруден бақ сынасты.

Осы аталған спорттық сайыстардың ішінде көпшіліктің назарын аударғаны «Қошқар көтеру» сайысы болды. Қатысушылар арасында өзінің мықтылығын дәлелдеп, салмағы 43 келі болатын қошқарды 1 111 рет көтерген Азамат Мақұлбеков бас жүлдені иеленіп, Арыс қаласының жаңа рекордын орнатты. Ал, қошқарды 160 рет көтерген Мәжит Архат екінші орынды, 150 рет көтерген Данияр Айтбек үшінші орынды иеленді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Әкімдіктегілердің айтуынша, жарыс жеңімпазы Азамат Мақұбековке өзі көтерген қошқар берілсе, қалған жүлдегерлер мен қатысушыларға ұйымдастырушылардың бағалы сыйлықтары табыс етілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: