Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтанда Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт ашылды

жаңа мешіт, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2022 14:21 Сурет: Нұр-Сұлтан әкімдігі
Мешіттің жалпы сыйымдылығы – 235 000 адам. Бір мезетте осынша адам намаз оқуға мүмкіндігі бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мешіт сыйымдылығы бойынша Нұр-Сұлтандағы республикалық Бас мешіт әлемдегі ең үлкен 10 мешіттің қатарына енді. Жаңа мешіт Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен үш жылда салынды.

Мешіттің жалпы алаңы – 68 062 шаршы метр. Үлкен күмбездің биіктігі – 83,2 метр, диаметрі – 62 метр. Мешіттің төрт мұнарасы бар. Оның биікті – 130 метр.

Бірінші және екінші қабаттарда намаз оқитын орыннан бөлек сыныптар, конференц-зал, неке қию залы, Құран оқитын бөлме, телестудия, кеңселер, қызметтік бөлмелер, дүкендер, мұражай және техникалық бөлмелер бар.

Сонымен қатар мешіттің жерасты қабатында 440 орындық банкет залы, 405 орындық жабық паркинг, вестибюль, дәретхана, техникалық, ритуалдық қызмет көрсету орны, құрбан шалу орны және басқа бөлмелер орналасқан.

жаңа мешіт, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2022 14:21

Сурет: Нұр-Сұлтан әкімдігі

Мешіттің жалпы сыйымдылығы 235 000 адамды құрайды, яғни бір мезетте осынша адам сапта тұрып намаз оқуға мүмкіндігі бар. Ашық алаңда шамамен 200 мың адам: подиум мен сахна аймағында 30 мың адам, мешіт ауласында 170 мың адам бір мезетте құлшылық жасауға мүмкіндік бар. Мешіт ішінде 35 мың адам, яғни: ерлерге арналған орында 30 мың адам; әйелдерге арналған орында 5 мың адам намаз оқи алады.

Мешіттің ашылу рәсіміне Нұрсұлтан Назарбаев арнайы қатысты. Мешіттің ашылу салтанатына премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжанов, Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов және Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы қатысты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: