Украинаның атом электр станциясы тағы шабуылға ұшырады

Украинада АЭС талқандалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2022 17:38 Сурет: pixabay
Украинаның Запорожье атом электр станциясы тағы да шабуылға ұшырады. Сол үшін Ресей мен жергілікті армия бір-бірін айыптап отыр. Осы жолы снаряд кешеннің кеңсесі мен өрт станциясына тиген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиғаға байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымы алаңдаушылық білдіріп, Еуропадағы ең ірі АЭС-тің маңында қалыптасқан жағдайды «апатқа жетелейтін ахуал» деп атады.

Қытай мен АҚШ-та ядролық станцияға МАГАТЭ инпекторларын кіргізуге шақырды. Және де Вашингтон атомдық нысанның айналасында әскери емес аймақ құруды ұсынды.

Кейбір мәліметтерге қарағанда, Ресей армиясы АЭС-ті Украина әскерін атқылайтын позицияға айналдырған. Президент Владимир Зеленскийдің мәлімдеуінше, Еуропаның ядролық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ресейліктерді Запорожье АЭС-інен дереу қуу қажет.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: