Украинаның барлық аймақтарына электр жарығы берілді

Әуе дабылы, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2022 23:27 Сурет: Украина президенті Владимир Зеленскийдің кеңсесі
Владимир Зеленский кеңсесі басшысының орынбасары Кирилл Тимошенко Украинаның барлық аймақтарына электр жарығы берілгенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
  • Финляндияның экономика министрі Мика Линтиля Украинаға электр жабдықтарын шұғыл жеткізу бойынша фин компанияларының өкілдерімен келіссөздер жүргізді.

  • Швейцария Ресей мұнайының белгіленген бағасына шек енгізуді мақұлдады және Ресей мен Украинаға әскери тауарлар тасымалына эмбарго жариялады.

  • Украинаның Суми, Харьков, Черкасс, Днепропетровск және Полтава облыстарында әуе дабылы жарияланды.

  • Киев Ресей талаптарын орындай отырып, өз халқын ықтимал бар азаптан азат ету үшін жағдайды реттеудің барлық мүмкіндіктеріне ие - Ресей Федерациясы президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

  • Ресей Украинадағы әлеуметтік нысандарға соққы берген жоқ, алда да ондай ойы жоқ - Песков.

  • Зеленскийдің сайтында Ресей атауын Московия деп өзгертуге шақырған петиция жарияланды.

  • Владимир Зеленский Израиль президенті Итхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті.

  • Александр Лукашенко Беларусь әскері Украинадағы әскери қақтығысқа араласпайтынын айтты.

  • Киев Радасы Борис Джонсонға Киевтің Құрметті азаматы атағын беру туралы шешімді мақұлдады – Украина астанасының мэрі Виталий Кличко.

  • Украинада тұтқында болған бірқатар ресейлік әскери қызметкерлер отанына оралды, деп хабарлады РФ Қорғаныс министрлігі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: