Украинаның шығысындағы Соледар үшін шайқас жүріп жатыр

Украинада соғыс жүріп жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2023 17:23 Сурет: Украина президентінің ресми интернет үкіметі
Украинаның шығысындағы Соледар қаласы үшін жойқын шайқас жүріп жатыр. Мұны президент Владимир Зеленский мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зеленскидің сөзінше, Соледарды алу үшін ресейліктер үлкен шабуылға кіріскен. Ал Украина өз жауынгерлеріне көмекке қосымша күш аттандырып жатыр. Соледар Донецк облысында орналасқан.

Және де қазір Ресейдің «Вагнер» тобының жасақтары осы маңдағы Бахмут қаласын да алуға әрекет жасап жатыр. Сондағы мақсаттары – екі елді мекенді бағындырып, әрі қарай Краматорск және Славянск қалаларын жаулау.

«Рейтер» агенттгінің мәліметінше, соңғы күндері екі жақтың да әскері үлкен шығынға ұшырап, Соледар мен Бахмутта сау ғимарат қалмаған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: