Украинаның 4 млн тұрғыны жарықсыз отыр. Мәскеу әуежайларында қауіп-қатердің үшінші деңгейі енгізілді

Украинадағы жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2022 23:43 Сурет: pixabay
Украина президенті Владимир Зеленский Кеңсесі басшысының орынбасары Кирилл Тимошенко елде 2 миллионнан бастап 4 миллионға дейін тұтынушы жарықсыз отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
  • Польшаның милитаризацияға көшуі Варшаваның соғысқа дайындалып жатқанын көрсетеді - Беларусь Қорғаныс министрлігі

  • Мәскеу әуежайларында алғаш рет терракт қаупінің үшінші (максималды) деңгейі енгізілді. Домодедовода, Шереметьевода және Внуковода тексерулер күшейтілді, ал Шереметьево территориясында бетон блоктар орнатылды.

  • НАТО Польшаға қосымша әуе қорғанысы күштерін лақтыруға, соның ішінде әуе және теңіз күштерін орналастыруға дайын, егер қажет деп табылып жатса - альянстың бас хатшысы Йенс Столтенберг.

  • НАТО елдері Польшадағы оқиғаға байланысты консультацияларды бастауда Солтүстік атлантикалық одақ Жарғысының 4-бабын қолдану ниеті жоқ – альянстың бас хатшысы. Сондай-ақ ол Ресейдің НАТО-ға шабуыл жасауды жоспарлап отырғанын білдіретін қандай да бір нышан байқалмайтынын атап өтті.

  • Украинада жеті пойыз электр қуатына байланысты 1 сағат 44 минуттан 7 сағат 24 минутқа дейін кешігуде, деп хабарлайды "Украина темір жолдары" компаниясы.

  • РФ ІІМ қызметкерлері Херсон облысы басшысының орынбасары Губаревты экономикалық қылмыс ісі бойынша ұстады.

  • Украинаның ҰҚҚК хатшысы Польшадағы оқиғаны бірлесіп тергеуді және зымыран құлаған жерге өздерін кіргізуді талап етті.

  • Украиналық журналист Дмитрий Гордон Ресейге қарсы АҚЕС-қа (Адам құқығы жөніндегі еуропалық сот) шағым түсірді. Ол Ресей Федерациясының өзіне қатысты қылмыстық қудалауды заңсыз деп тануды сұрайды.

  • Грецияның Сыртқы істер министрі Никос Дендиас Польшаға құлаған зымырандарды Ресей ұшырды дейтіндей дәлелдердің болмауы арадағы ушыққан жағдайды одан сайын қоздырады деп мәлімдеді.

  • АҚШ пен ЕО Украинаға қару-жарақ жеткізуді тоқтатуы керек, өйткені Киев режимі қақтығысты өршіту үшін бәріне барады – Мемлекеттік Думаның спикері Вячеслав Володин.

  • Песков зымыран бөлшектерінің Польшаға құлауы оқиғасында АҚШ билігі, оның ішінде америкалық көшбасшы Джо Байден еуропалық әріптестеріне қарағанда өзін әлдеқайда ұстамды ұстап, кәсіби реакция байқатты деп мәлімдеді.

  • Сондай-ақ, Песков Кремль Польшадағы зымыран оқиғасына қатысты Ресей Федерациясының ешқандай кінәсі жоқ деп есептейтінін айтты.

  • Польша президенті Пшеводувта құлаған зымыранның жанармайдың қызуынан жарылғанын, ал техникалық-ұрыс бөлігі жарылмағанын айтты.

  • Зеленскийдің кеңсесі НАТО-дан Украина көгін жабуды тағы да сұрады.

  • Германия мен НАТО-дағы серіктес мемлекеттер бұрынғы позициясын ұстанып, Украинада ұшуға болмайтын аймақты енгізу мүмкіндігін қарастырмайды, деп хабарлады Германия үкіметі.

  • Швеция Украинаға 287 миллион доллар көлемінде жаңа әскери көмек пакеті әзірленгенін жариялады.

  • НАТО-ның алдын-ала бағалауы бойынша, Польшада Украинаның С-300 әуе қорғанысы жүйесінің зымыраны құлаған, бірақ бұл арада Киевтің кінәсі жоқ, - деді Столтенберг. Сондай-ақ ол Ресейдің НАТО-ға шабуыл жасауды жоспарлап отырғанын білдіретін қандай да бір нышан байқалмайтынын атап өтті.

  • Украина Польшада құлаған зымыранның украиндікі екендігі туралы батыс елдерінің тұжырымдарымен келіспейді және өз өкілдерін оқиға орнына жіберуді сұрайды – Украинаның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Алексей Данилов.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: