Жаңалықтар тізбегі
0

Ағылшын Премьер-Лигасы. Кіл мықтылар шайқасы

Футбол, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2022 13:11 Сурет: Parimatch
Жексенбі, 14 қыркүйек күні Лондонда "Челси" - "Тоттенхэм" матчы өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ағылшын футбол премьер-лигасының екінші турында көрермендер Лондонның екі командасының кездесуін тамашалай алады. Бұл матч - осы маусымды жіті бақылаушы жанкүйерлер, оған қоса ағылшын футболына бей-жай қарамайтындар үшін аса тартымдысы.

"Челси" қожайындары ауысып, негізгі бас қорғаушылар командадан кеткеннен кейін Абрамович дәуірінің басынан бері болмаған дүдамалдылық кезеңіне тап болды. Алайда, "Көктер-дің" жаңа қожайыны Тодд Боули трансферге келгенде ақшасын аяп жатқан жоқ, ол Англияға соңғы 5 жылдағы Еуропаның ең жақсы қорғаушыларының бірі - Калида Кулибалиді "Наполиден" ауыстырып әкелді. Сонымен қатар "Челси" соңғы жылдары АПЛ-дегі ең танымал ағылшын ойыншыларының бірі болып табылатын Рахим Стирлингті де командаға қосып, шабуыл жағын мықтап алды.

"Тоттенхэм", керісінше, осы маусымдағы шайқасқа сақадай-сай екенін байқатты. Трансфер бойынша сауатты саясат, жақсы нәтиже шығара алатын білікті жаттықтырушысы да бар. Қазіргі уақытта "Шпорлар" қарсыласының кез-келген қорғанысын бұза алатын, тек AПЛ-де ғана емес, сонымен қатар бүкіл Еуропадағы ең мықты ойыншыларға ие: Харри Кейн, Сон Хын Мин, Ришарлисон және Дежан Кулусевски дегендей.  

Екі команда да өздерінің бірінші турдың алғашқы матчтарында жеңісіне жетті, осыған байланысты олар екінші турда да жеңіске жететіндеріне сенімді. Матч "Стэмфорд бридж" стадионында өтетіндігі тіптен қызық болып отыр. Өйткені "Тоттенхэм" осы алаңда 37 ойын өткізіп, тек соның бірінде ғана жеңіске жетіпті (12 рет тең ойын, 24 рет жеңіліс). Сондықтан ағылшын қос командасының бұл кездесуі жанкүйерлер үшін қызық әрі тартымды болатындығына күмән жоқ.

Parimatch коэффициенттері:

Ж1 – 2.33, Х – 3.40, Ж2 – 3.15

 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: