Серік Жұманғарин Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы болып тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Серік Жұманғарин Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Юұл туралы Ақордада хабарланды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің міндеттерін атқарушы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы лауазымынан босатылсын, – делінген Ақорда хабарламасында.
Сонымен қатар президент Жарлығымен Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі лауазымынан босатылды.
Бөлісу
0
Толық оқу