Ақтөбеде 12 жастағы баланы ит талады – полиция тергеу аяқталғанын хабарлады

9 маусымда Ақтөбе қаласы Есет батыр тұрғын алабының №3 шағын ауданы аумағында орналасқан құрылыс нысанының аумағынан 12 жастағы баланың өлі денесі табылған еді. Ақтөбе облысы полиция департаментінің тергеу басқармасы бүгін тергеу аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
2022 жылы 9 маусым күні сағат 23.52-де Есет батыр тұрғын үй кешенінің 3-ықшам ауданындағы құрылыс объектісінен 2010 жылы туылған баланың мәйіті табылды. Ақтөбе облысы ПД Тергеу басқармасы бастығының орынбасары Нұрболат Сұлтанов
Полиция департаменті өкілінің сөзінше, бала қатты қан жоғалтқан. Бас, дене, аяқ-қолдары жарақаттанған. Сот-медициналық сараптама нәтижесінде баланың өлімі иттердің талағанынан болғаны анықталды.
Ақтөбеде құрылыс алаңынан 12 жастағы баланың мәйіті табылды
Қылмыстық құқық бұзушылықтың болмауына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды.Нұрболат Сұлтанов
Бөлісу
0
Толық оқу